Қоғам • 16 Шілде, 2024

Неше талапкер грант конкурсына құжат тапсырды

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім беру гранттарына құжат қабылдау 13-24 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Неше талапкер грант конкурсына құжат тапсырды

Фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің назарына мынадай мәліметтерді ұсынды:

Қазіргі уақытта елімізде 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары бар.

Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биыл шетелден алғашқы студенттер келе бастады.

Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алып жатыр.  

Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Бұл филиалдар 3-ші жыл қатарынан қабылдауды жүзеге асырып келеді.

Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды.

Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің (Польша) филиалы бар.

Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп Жасанды ителлект жоғары мектебі ашылды.

Сәтбаев университетінде Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасымен серіктестікті бастады.

Жуырда Қытай және Қазақстан президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті қызметін бастады.

Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің (Франция), Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында - Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының (Өзбекстан) филиалдары жұмыстарын бастады.

«Бұл филиалдар біздің жастарымызға, оның ішінде ауыл жастарына, халықаралық стандарттарға сай жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Аталған филиалдарға құжат тапсыруға қатысты қосымша ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан біле аласыздар», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта (сағат: 09.00) 41 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберген. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады, сонымен қатар виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істеп жатыр.