Фото: видеодан скрин
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетті жұлып алып, оны жұтып қойған.
Бұдан соң қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасатқан. Оның асқазанынан табылған бөгде зат салмағы 1,26 грамм болатын психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.
«Қазір ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», делінген агенттік таратқан ақпаратта.