Фото: Ведомство. Телеграм
Жазғы демалыста 7-14 жас аралығындағы оқушылар халқымыздың салт-дәстүрлері туралы ақпарат ала алады. 5 күндік бағдарламада ұлттық спорт ойындары, атқа міну, садақ ату, еркін күрес сабақтары жоспарланған.
«Бұл балаларды тұрмысқа бейімдеудің тиімді амалы деуге болады. Мысалы, ұлдарға «бата беру» үйретіледі. Ал соңғы күні ер балаларға мал сою, оны мүшелеу бойынша мастер-класс өткізіледі. Қыз балалар ұлттық тағамдар дайындауды үйренеді», делінген министрлік хабарламасында.
Мәдени демалыс жобасы өскелең ұрпаққа қазақтың төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сіңіруді көздейді.