Қылмыс • 19 Шілде, 2024

Жетісу облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыздың үш күннен кейін денесі табылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 шілде күні Жетісу облысында 20 жастағы қыз жоғалып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыздың үш күннен кейін денесі табылды

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, үш күннен кейін оның денесі зорлық-зомбылық көрсеткен өлім белгілерімен табылды.

Қыздың мәйіті қараусыз қалған үйдің ауласынан табылды. Өлер алдында ол зорланған.

- Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа қарсы қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге деректер жарияланбайды. Іс бақылауда, - деп хабарлады Жетісу полиция департаментінің баспасөз қызметі.