Оқиға • 19 Шілде, 2024

Қоймадан сыра ұрлап, шетелге сатып жібергендер ұсталды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының полиция қызметкерлері 2 жыл бұрын жасалған аса ірі көлемдегі ұрлықты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоймадан сыра ұрлап, шетелге сатып жібергендер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының жазуынша залал сомасы 65 млн 600 мың теңгені құраған. Тергеу барысында 2022 жылдың 31 қаңтар – 16 наурыз аралығында ұрылар кәсіпорынның (Көкшетау қаласында) қоймасына кіріп, екі мыңға жуық сыра құйылған құтыларды жүк көлігімен әкеткені анықталған. Ұрланған тауар таяу шетелге экспортталған.

Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.