Қоғам • 22 Шілде, 2024

Бишімбаев ісін жүргізген прокурордың қызметі өсті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты істе прокурор болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бишімбаев ісін жүргізген прокурордың қызметі өсті

Фото: Жоғарғы сот

Айжан Аймағанова қазіргі уақытта Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету және апелляциялық сатыға қатысу бөлімінің бастығы қызметін атқарып жатыр.

Бұған дейін ол Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі лауазымында болып, мемлекеттік айыптаушы қызметін атқарды.