Фото: Видеодан алынған кадр
Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша аймақаралық сот-сараптама орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мейіржан Байсадықов сараптама нәтижесін жария етті.
«Бала суға батқанда оның тыныс алу жолдары сумен бітеліп, механикалық асфиксия болған. Өлім себебі - осы», деді Мейіржан Байсадықов.
Эксперт «жасөспірім өліміне субұрқақтағы токтың әсер етуі мүмкін бе?» деген сауалға жауап бере алмайтынын айтты.
«Ток соғуға қатысты пікір айта алмаймыз. Бұл біздің құзіретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің себебін ғана анықтаймыз», деді ол.