Сотта 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі уақыт аралығында С. өзінің бұрынғы әйелін жүйелі түрде ұрып-соғып, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық азап келтірген. Сонымен қатар, 2024 жылдың 4 сәуірінде ол әйелге әдейі зиян келтірді. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтіріліп, оң жақтағы 2,3,4-бел омыртқасының жабық сынуы түріндегі дене жарақаттары анықталған.
Прокурор қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде қылмыстар жиынтығы бойынша барынша қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындауды сұрады. Өйткені С. бұл қылмысты бұрын жасалған ауыр қылмыс үшін өтелмеген соттылық кезінде жасаған.
Сотталушы кінәсін толық көлемде мойындаған жоқ. Ал жәбірленуші Б. жазаны соттың қарауына қалдырды.
- Өтелмеген соттылығы, жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі бар С.-ның жеке басын, кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жәбірленуші Б.-ның өтелмеген залалының болуын ескере отырып, сот 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Сотталған С.-дан жәбірленуші Б.-ның пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 3 млн теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.