Бокс • Бүгін, 09:23

Боксшыларымыздың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

535 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25 шілде күні бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Осылайша боксшыларымыздың олимпия ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Боксшыларымыздың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Фото: іnstagram.com/boxingkazakhstan

Ерлер: 

51 келі. 17 боксшы

1/8 финал
Сәкен Бибосынов - Самет Гумуш (Түркия, 2024 жылғы Еуропа чемпионы)

Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.

57 келі. 17 боксшы

1/8 финал

Махмұд Сабырхан - Хосе Гуелес Бротонс (Испания, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері)

Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.

63,5 келі. 22 қатысушы

1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибарче (Испания)

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал.
Асланбек Шымбергенов - Зейад Ишаиш (Иордания, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері)

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.

80 келі. 18 қатысушы

1/8 финал

Нұрбек Оралбай - Каллум Петерс (Аустралия)


92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал

Айбек Оралбай - Олейтен Олаор (Нигерия)

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.

+92 келі. 16 қатысушы.

1/8 финал.

Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Джадфа (Испания, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)


Әйелдер:

50 келі. 22 боксшы

1/16 финал.
Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері)

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді.

57 келі. 22 боксшы

1/8 финал

Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

75 келі. 16 боксшы

1/8 финал.

Валентина Хальзова - Азейна Билон (Панама, 2015 жылғы әлем чемпионы)