Олар Шыңжаң қаласында 25 маусым мен 4 шілде аралығында өткен «The 2024 Tsinghua Shenzhen International Graduate School» жазғы мектебіне қатысты. Бұл бағдарлама жыл сайын әлемнің әр түкпірінен келген талантты студенттерді академиялық тұрғыдан дамытады. Мәдени көкжиегін кеңейтіп, басқалармен тәжірибе алмасады. Аталған студенттер 2000 үміткердің арасынан іріктеліп шыққан. Сөйтіп, олар әлемнің 34 еліндегі 63 университеттен келген 110 қатысушының қатарына қосылды. Атап айтсақ, жазғы мектепке NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенттері – Нұржайна Дубек, Камила Бисенбаева, Мәди Тұрғынов, сондай-ақ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенттері – Ерке Ержанқызы мен Гүлжан Нұртай қатысты. Олар Деректер және ақпарат институтының (iDI), Қоршаған орта және экология институтының (iEE), Инновация, білім, ғылым, технология және өнер ашық факультетінің (Оpen FIESTA) бағдарламасын оқыды.
Ерке Еркежанқызы Цинхуа SIGS GSS 2024 жазғы мекебіндегі «Open FIESTA» бағдарламасында алынған тәжірибе еліміздегі инновациялар мен шығармашылықты ынталандыратын құралдармен жабдықталғанын айтса, Нұржайна Дубек IEE бағдарламасы аясында академиялық және тәжірибелік білім алып, түрлі мамандармен танысқанын жеткізді.
«Әсіресе урбанизация мен тұрақты дамуды байланыстыру жайында кеңірек білдім. Шындығын айтқанда, Шыңжаңның жоғары технологиялық атмосферасы, курстастармен және Цинхуа SIGS-тің үздік профессорларымен болған әңгімелер бізді қанаттандырды», дейді ол.
Он күн ішінде біздің студенттер дәріс, шеберлік сабағы мен түрлі мәдени іс-шараға қатысып, сарапшылар мен ғалымдардың жетекшілігімен айтулы компанияларға экскурсия жасады. Айта кетейік, қатысушылардың басым бөлігі Азия елдері университеттерінің альянсына кіретін жоғары оқу орындарынан келген. Олардың қатарына NU-мен қоса National University of Singapore, University of Tokyo және United Arab Emirates University сияқты білім ордалары бар.