Айбын • Бүгін, 09:01

Цифрлық технология нәтижесі

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында талап­кер­лер­дің оқуға құжат тапсыру үдерісін жеңілдету және күту уақы­тын қысқарту үшін QR-коды арқылы тіркеу жүйесі енгізілді.

Цифрлық технология нәтижесі

Қазіргі уақытта әскери оқу орнында 2024-2025 оқу жылына құжат қабылдау жүріп жатыр. 30 шіл­деге дейін жалғасатын іс-ша­ра­­да екі жүзден астам талап­кер­­ді қабылдау жоспарланып отыр.

Іріктеу үдерісі ҰБТ нәти­же­ле­рін, психологиялық тестілеуді, медициналық комиссия нәти­же­сін және дене шынықтыру дең­гейін тексеруді қамтиды. ҰБТ-ның төрт пәнінен кемінде 50 балл жинаған және арнайы тексеруден өткен талапкерлер әскери оқу орнына қабылдануы мүмкін.

Институтта радиоэлектро­ника, радиотехника және ин­жи­ниринг, автоматтандыру және инфокоммуникациялық технология­лар, ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік жүйелері, әскери құрылыс, әскери журналистика және дирижерлік сияқты салаларда мамандар даяр­ланады.

Қабылдау комиссиясының талапкерлерді қабылдау туралы шешімінен кейін оқу орнымен білім беру қызметтерін көрсетуге шарт және әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Курсанттар жатақханамен және тамақпен толық тегін қамтамасыз етіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі және әскери лауазымдарға тағайындалады.

Биыл Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инс­титуты бес жылдан төрт жылдық оқу мерзіміне көшті. Бұл өзгеріс оқу үдерісін оңтайландыруға және тез өзгеретін талаптар мен дамып келе жатқан техно­логиялар жағдайында маман­дарды даярлау сапасын жақсар­ту­ға бағытталған. Әскери оқу ор­н­ында оқытудың заманауи әдіс­терін енгізу, білім алу және курсанттардың кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасалған.