АҚШ-қа жұмыс сапары аясында министр Жаслан Мәдиев «Hubble Network» компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы өкілі Алекс Харомен, сондай-ақ «Astranis» компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады. Сонымен қатар «Hubble Network» компаниясымен еліміздің аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша қанатқақты жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Компанияның шешімдерін пайдалану – сенімді байланыс пен деректермен алмастырып, қамтамасыз ете отырып, еліміздің барлық өңірінде IoT-құрылғыларды қолдануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнай және газ салаларындағы датчиктер мен жүк вагондарын треккингке қолдану жоспарланып отыр.
Сондай-ақ отандық делегация «Astranis» компаниясының өндірістік қуаттарымен танысты. Кездесу шеңберінде тараптар «лизинг» моделі бойынша «Astranis» аппаратын пайдалану мүмкіндігіне мұқият талдауды жүргізуге келісті, бұл еліміздің спутник өндірісіне жүздеген миллион доллар инвестициялау қажеттілігінсіз деректерді берудің жоғары жылдамдықты спутниктік байланыс арналарын ұйымдастыру қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, «Hubble Network» – Bluetooth құрылғыларын ұялы байланыссыз қосу үшін ғаламдық спутниктік желі құратын компания. Ал «Astranis» – шағын геостационарлық байланыс спутниктерін әзірлеуге және өндіруге маманданған компания.