Оқиға • 31 Шілде, 2024

Павлодарда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар тұрғынынан гашиш есірткі затының аса ірі мөлшері тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында қызметтік иттер 21 пакеттен тұратын 9 полимерлі пакетті тапты. Өсімдік тектес белгісіз зат сараптамаға жіберілген.

Сондай-ақ қолма-қол ақша, таразы және тыйым салынған тауарды орайтын пакеттер тәркіленді. Тәркіленген каннабистің жалпы массасы 8,5 килограммды құрады.

«Заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау фактісі бойынша, есірткі құралдарын тасымалдау, өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды», деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.