Аймақтар • 31 Шілде, 2024

ШҚО-да ғасыр жасаған әжеге жаңа куәлік берілді

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полицейлері ғасырлық ғұмырға жеткен кейуанаға жаңа жеке куәлігін табыстады, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да ғасыр жасаған әжеге жаңа куәлік берілді

Фото: Polisia.kz

Облыстың ПД көші-қон қызметінің өкілдері Өскемен қаласы тұрғыны Елизавета Прядконың ғасыр толған мерейтойлық туған күнінде үйіне барып, жаңа жеке куәлігін тапсырды.

«Біз Елизавета Прядкоға құжат алмасу бойынша көмек көрсеткенімізге қуаныштымыз, өйткені мұндай жағдайлар күн сайын кездесе бермейді», дейді инспектор Шырайлым Ерікова.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан полициясы тарихында тәртіп сақшылары 100 жылдық межеден өткен 40-қа жуық адамның құжаттарын жаңартқан екен.