Спорт • 03 Тамыз, 2024

Париж-2024: бүгін Қазақстан спортшыларынан кімдер бақ сынайды?

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 тамызда Париж Олимпиадасында қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен — дзюдо, стендтік ату, дзюдо, велошоссе, жүзу, семсерлесу, бокс және спорттық гимнастикадан жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.

Париж-2024: бүгін Қазақстан спортшыларынан кімдер бақ сынайды?

Дзюдо

11:00 (Іріктеу), 16:00 (Финал). Микс команда. Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан.

Стендтік ату

12:00 (Іріктеу),18:30 (Финал). Скит. Әйелдер. Әсем Орынбай. Скит. Ерлер. Эдуард Ещенко

Велошоссе

14:00. Командалық сайыс. Финал. Алексей Луценко, Евгений Федоров

Бокс

19:50. Назым Қызайбай – И.Валенсия (Колумбия)

Спорттық гимнастика

18:30. Финал. Милад Карими (Еркін жаттығу), Нариман Құрбанов (Ат)

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Олимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.