Спорт • Бүгін, 15:27

Елімізден барған мерген Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізден барған мерген Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті

Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында сынға түсіп, 293 ұпай еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 29 спортшы қатысқан жарыста 6-орынға табан тіреді.

Іріктеу кезеңінің екінші айналымы бүгін, 4 тамызда сағат 16:00-де басталады. Үздік шыққан 6 мерген финалдық кезеңге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты.

Сондай-ақ 4 тамыз күні Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түсетінін жазған болатынбыз.