Музей • 06 Тамыз, 2024

«Димаш төбеде» мұражай ашылады

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданының орталығы Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта «Димаш төбе» деген дөңес бар.

«Димаш төбеде» мұражай ашылады

Аудан әкімі Да­рын Ша­мұратов­тың айтуын­ша, 1978 жылы Қазақ­станның мем­лекет және қоғам қайраткері, сол кез­дегі бірінші хатшы Дін­мұхамед Қонаев дәл осы дөңнің үстінде жергілікті жұртшылықпен кездес­кен. Сол кезде Индер ауда­нының аумағындағы қаз­ба байлықтың мол қоры қойылған мұражай да ұйым­дастырылыпты. Со­дан бері индерлік тұр­ғын­дар бұл араға «Димаш төбе» атауын берген.

и

«Облыс әкімі Серік Шәп­­­кеновтің ұсынысы­мен атал­ған тарихи орынды қай­­та жаңғыртып, ашық аспан астындағы мұ­ра­жайға ай­нал­дыруды көз­дедік. Сол себептен бұл орынды өңірлік туристік картаға енгізу мақсатында жаңа жоба жасалды. Жо­баға сәйкес ашық аспан астындағы мұражайға кірер тұстағы маңдайшаға «Димаш төбе» атауы жазылады», дейді Д.Шамұратов.

Әкімнің айтуына қа­рағанда, мұражай маң­дай­шасының сол жақ ба­ға­нына сол кезде түсіріл­ген фо­тоның көшірмесі тұ­ра­ды. Ал оң жақтағы ба­ған­да мұражай жөнінде ақпа­рат беріледі. Ашық ас­пан астындағы жаңа мұра­жайдың аумағына Дендер күмбезіндегі қазба байлық түрлері, оның ішінде минерал тастар мен рудалары салынған бір­неше тас жәшік қойылады. Сондай-ақ екі үлкен күм­безді композиция орнатылады.

 

Атырау облысы