Фото: gov.kz
Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сонымен қатар сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.