Түркітілдес мемлекеттердің ынтымағы мен достығын дәріптеу мақсатында сапарға шыққан қария 2022 жылы да Түркияның Изник қаласына велосипедпен жетіп, көшпелілер ойындарын тамашалаған.
«Күннің көзі ашық болса, таң атқаннан қараңғы қоюланғанша тегіс жерде100 шақырымдай жолды өндіре аламын. Ал таулы аймақта, өрге қарай 70 шақырым жүремін. Жолай мейірімді жандар жиі ұшырасып, қолдауын көрсетеді. Бішкектен Астанаға сапарға велосипедпен шығу арқылы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қолдауды көздеймін», дейді зейнеткер.
Жиһангез қарияны жерлестері салтанатпен аттандырып, ақ жол тіледі.