Спорт • 08 Тамыз, 2024

Бүгін еліміздің 9 спортшысы Олимпиада ойындарында сынға түседі

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 8 тамыз күні Қазақстан спортшылары 5 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің 9 спортшысы Олимпиада ойындарында сынға түседі

Фото: ҰОК

Еліміздің Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, біздің спортшылардың қатысуымен өтетін жарыс бағдарламасы мынадай:

Көркем гимнастика

13:00-18:00. Эльжана Таниева

Байдарка мен каноэде есу

13:30. Мария Бровкова

16:20 Сергей Емельянков, Тимур Хайдаров

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Қазіргі бессайыс

14:00. Георгий Борода Дудочкин

17:30. Елена Потапенко

Еркін күрес

14:00. 21:15. Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков

Жартылай финал. Құзға өрмелеу

15:35. Әмір Маймұратов

15:54. Финал

Ойындарды ұйымдастырушылардың қалауы бойынша кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Трансляцияларды Qazsport, Qazaqstan, Khabar, El Arna және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.

Айта кетейік, Олимпиаданың 13 тәулігінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.