Фото: ҚР ІІМ
Сот оған билігін асыра пайдаланғаны үшін үкім шығарды.
«Құпия» санатына жатқызылған бұл іс кінәні мойындау түріндегі процессуалдық келісіммен келіп түскен, сондықтан сотта прокурор айыптауды қолдап, сот отырысында сот ісін жүргізуді талап етті. Сот бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», деді сот.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін атап өтті.
2024 жылдың 20 наурызында Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтар айындағы оқиға кезінде құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуіне байланысты тергеу шаралары аясында жауапқа алынғанын хабарлады.
Ал 29 сәуірде Ерлан Тұрғымбаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі) ұсталды. Бас прокуратура 30 сәуірде мәлімдегендей, «қылмыстық істе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді.