Қоғам • 09 Тамыз, 2024

Қажымұқанның бүгінгі ізбасары

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қажымұқан мен Балуан шолақ аталарымыздың ізбасары деп санайтын, Қазақ елін төрткүл дүниеге танытып жүрген Сергей Цырульников жақында әлемге әйгілі, миллиондаған көрермені бар Америкадағы «America's Got Talent» тележобасына қатысып, финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қажымұқанның бүгінгі ізбасары

Сергей 1985 жылы Ақмола облысының Шортанды ауданында дүниеге келіп, Астанадағы Еуразия ұлттық университетін тамамдап, әскери қызметін де абыроймен атқарды. Студент кезінен бастап,  бірнеше жыл «Сарыарқа» волейбол клубының мүшесі ретінде  жастарды спортқа баулуға көп еңбек сіңірді. Өзі де үздік ойыншы ретінде команданың құрамында түрлі турнирлерге қатысып келеді.

Қазақстан Республикасы Ардагер  волейболшылар федерациясының вице президенті Ерсұлтан Бектұрғановтың айтуынша, шет мемлекеттерде қазақтың ұлттық киімін киіп, иығына қасқыр терісін жауып шығатын Сергей Қажымұқан және Балуан Шолақ аталарымыздың кезінде жылқылармен, түйелермен, темірлермен,  ауыр тастармен көрсеткен, аңызға айналған әдістерін көрермендер алдында қайталап,  халықты таң қалдырып жүр.

Мемлекет басшысының азаматтардың саламатты өмір салтын ұстану талаптарын қолдаушы ретінде Сергей Цырульников «Туған жерге қадам басу», «Ауыл» жобаларының негізін қалап, кейінгі үш жылда еліміздің 129 ауылын өз қаражатына спорт бұйымдарымен қамтамасыз етіп, елді мекендердегі 50 мыңнан астам балалармен кездесулер өткізіп, олардың  спортқа қызығушылығын арттыратын игі істі жүзеге асырды. 

Сергей Вальеревич - әлемге күш атасын танытқан батыр, төрт дүркін Гиннесс рекордтар  кітабына енген тұңғыш Қазақстан азаматы. Сонымен қатар ол мәдениет пен спорттың ресми Елшісі, «Достық», «Құрмет» ордендерінің, «Қажымұқанның 145 жылдығы», Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы атындағы марапаттардың және көптеген медальдың иегері. 
Мр