Digital • 10 Тамыз, 2024

Қаржыны қадағалайтын қосымша

59 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Америкалық инвестор Роберт Кийосаки «Ақша – биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» дейді. Ақша­ны ұқыпты ұстау, жинау – күллі адамзат қалауы шығар. Дегенмен де белгілі бір қиындықтарға жиі тап болып жа­­та­мыз. Бұл мәселе Нұрдәулетті де алаңдатқан. Ақыры ой­лана келе, ол қаржыны қадағалайтын «Kiris-Shyğys» қосым­ша­сын жасаған.

Қаржыны қадағалайтын қосымша

Нұрдәулет Әбдікайымов Аста­на­да тұрады. «Astana IT Uni­ver­­sity»-інде инженер-­­бағ­дар­­­­ла­­­ма­шы мамандығында оқид­ы. Қа­­тар­­лас­та­рының, өзінің, айна­­ла­­­­сын­­дағы адам­дардың ақшаны са­­уат­ты ұстай алмайтынын тү­сін­­ген ол осы тақы­рып­ты зерт­тей бас­­та­ған. Зерт­тей келе, ең дұ­рысы, кіріс-шы­ғыс­ты жазып оты­ру деген шешімге кел­­ген. Со­лай шығын мен кірісті ба­қы­­лап отыратын, сондай-ақ осы көр­­­сет­­кіш­тер бо­йынша өткен ай­­дағы ста­­тис­­тиканы көрсететін қо­сымша жа­са­ған.

– Егер сіз қаржылай дағ­дарыс пен күтпеген жағ­дай­­дан сақтанғыңыз келсе, шығын­да­рыңызды жос­парлау мен қа­да­ғалаудың маңызын атап өткім келеді. Бұл ойын-сауық пен демалыс­тан мүлдем бас тарту деген сөз емес. Тек шығыс-кірісті бақылау керек. Бұл істе біраз қиналдым, сон­дық­тан да жағ­дайды бақылауға алатын қо­сым­шаны жасадым, – дейді талап­ты жігіт.

Нарықта мұндай қосым­шалар көп. Түр-түрі бар. Бәрі ақылы. Одан кейін отандық әрі қазақ тіліндегісі жоқ десек те болады. Сондық­тан да халыққа пайдалы болу үшін ана тілімізде қызмет көрсететін қосымша жасаған. Әрі тегін.

Қосымшаның қазақ ті­лінде бо­луы­на Нұрдәулет баса мән берген. «Ана тілімде болуы – менің ұс­та­нымым», деді ол. Ние­тіне сүйсіндік. Дегенмен ол өзге тіл­дегі пайдаланушыларды да еске­русіз қал­дырмаған. Орыс немесе ағыл­шын тілін де таңдауға болады.

– 2023 жылдың қараша­сын­да нарықты зерттей бас­таған кезде жасай­мын деп бел будым. Аналогтердің көп­шілігін­де жазылымнан кейін ғана негізгі мүм­кіндік бар екенін түсіндім. Пай­далану­шыларға тегін нұсқада толық функ­ционалдылық бергім келді. Дизайнды дәстүрлі қазақ стилі­мен байланыс­тыр­дым. Жылу­лық пен жайлы­лық сезі­мін тудыратын ақ­шыл қоңыр түсті таңдадым. Де­мо бір айда дайын болды. Айтпақшы, басынан бас­тап «App Store» дү­ке­нінде қосым­­­шаны шы­ға­ра­ты­нымды біл­дім. Басында біраз қиын­дық болды. Қазір қосым­ша­ көп­ші­­­лік­тің көңілінен шығып, жұ­­мыс істеп тұр, – деді жоба авто­ры.

Қосымшаның функцио­нал­дығы әзірге шектеулі екенін мойындау керек. Сынақ мер­зі­мінде десек те болады. Нұр­дәу­лет алдағы уақытта жаңа мүм­кін­діктерге есік ашып, ерекше бөлімдер қосуды жоспарлап отыр. Оған «LinkedIn» және «TikTok»-та пост жариялағаннан кейін қарапайым адамдардан да, әзірлеушілерден де жақсарту бойынша көптеген ұсыныс түскен. Шығын санаттарын қосу, автоматты жаңарту, дизайнды жақсарту жоспарлары бар. Егер өнім өз аудитория­сын тауып, назар аудартса, инвестиция тартпақ. Солай еліміздің қар­жы­лық сауатын арттыруға кіш­кене болсын үлес қоспақ.