Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, біздің спортшыларымыз еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.
Сағат 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.
Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салуда.