Оқиға • Кеше

Павлодарда түнгі клубтың жанында жас жігіт көз жұмды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы түнгі клубтың жанында жастар жанжалдасып, салдарынан 25 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда түнгі клубтың жанында жас жігіт көз жұмды

Фото: бейнежазбадан скриншот

Оқиға Павлодардағы «Гоголь» түнгі клубының қасында болған. Облыстық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Түнгі клубтардың бірінің жанында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп мәлімдеді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел жәрдем барғанымен, жігіт көз жұмып кеткен.

«Оқиға таң алдында болған. Жас жігітті әлдебіреулердің ұрып-соққаны туралы шақырту шамамен сағат 04.48-те түсті. Медициналық бригада жедел жеткенімен  соққы тиген азаматтың көз жұмғаны анықталды», дейді  өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.