Әлем • 13 Тамыз, 2024

Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Париж Олимпиадасында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13 орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен көрші ел Орталық Азияда көш бастады, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады

Фото: boxinguzbekistan_official

11 тамыз күні Өзбекстан атлеттері еліне оралды. Жүлдегерлерді O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi (Өзбекстан министрлер кабинеті), федерациялар мен жанкүйерлер Ислом Каримов атындағы халықаралық әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды. 

Көрші ел чемпиондары арнайы автобуспен Ташкент қаласын аралап, Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті ғимараты алдында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. 

Мерекелік жиында елдің Бош вазири (Премьер-министр) Абдулла Арипов жеңімпаздарға мемлекет тарапынан берілетін сыйақы мен қомақты сыйлықтарды табыстады. 

Алтын медаль иегерлеріне: 

  • 200 мың АҚШ доллары; 
  • Tahoe автомобилі;
  • 2 қабатты коттедж;

Күміс медаль иегерлеріне: 

  • 100 мың АҚШ доллары; 
  • BYD Song Plus EV Champion автомобилі; 
  • Пәтер; 

Қола медаль иегерлеріне:

  • 50 мың АҚШ доллары; 
  • BYD Song Plus DM-i Champion автомобилі; 
  • Пәтер.