Фото: ratel.kz
«Еуразия» бірінші арнасының ақпаратынша, оқиға 20 шілдеде елордадағы ең жаңа ЖЭО-да болды. Гүлнұр Садықова мұнда аппаратшы болып жұмыс істейді. Оның міндеті әр жарты сағат сайын бесінші белгіге көтеріліп, қышқылдың құбырлар арқылы өткенін немесе өтпегенін тексеру.
«Мен өзім күткен жоқпын. Бір шлангы жарылып, маған күкірт қышқылы шашырады. Мен айқайлай бастадым. Бетім мен қолым толығымын зардап шекті. Ауруханаға келгенде, дәрігерлер маған операция жасалуы мүмкін екенін бірден айтты», деді жәбірленуші Гүлнұр Садықова.
Болған оқиғаның егжей-тегжейін арнайы комиссия анықтап жатыр. Оны мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Сондай-ақ энергетикалық қадағалау өкілі де кірді.
Оқиғаны тергеу 30 күнге дейін жалғасады. Осыдан кейін еңбек инспекторлары материалдарды полицияға тапсырады.
«Астана-энергия» АҚ басқарма басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Олег Гармонщиков қауіпсіздік техникасы бұзылмағанын хабарлады.