Фото: gov.kz
2024 жылы елордада 4,5 мың орындық 6 жатақхана салынады. 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.
Астана әкімдігі жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдерін бөлгенін хабарлады.
Айта кетейік, осы айда Астана қаласы әкімдігінің фронт-кеңсесінің қолдауымен М.Жұмабаев, 10а мекенжайында 400 орындық жатақхана ашылды.