Аймақтар • 15 Тамыз, 2024

Қорғаныс министрі Абай өңірлік гарнизонына барды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің шығыс өңіріне жұмыс сапары барысында бірқатар әскери бөлімдер мен нысандарға барды, деп жазады Egemen.kz.

Қорғаныс министрі Абай өңірлік гарнизонына барды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министр, әуелі, 74884 әскери бөлімі аумағындағы объектілер құрылысының барысымен танысты. 

Сонымен бірге генерал-полковник Руслан Жақсылықов түраралық оқу полигонының әскери міндеттілер бақылау ату жаттығуларын бақылау үшін әскери атыс алаңында болды.

Оқу полигонының танкодромында министр механикаландырылған бригадаға бекітілген резервтегі әскери міндеттілердің қатысуымен өтіп жатқан екі сатылы командалық-штабтық оқу-жаттығудың барысын қадағалады.  Қорғаныс ведомствосының басшысы 35411 әскери бөлімінің жауынгерлік машиналар паркін де шолып шықты.

Ал Семей қаласында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери госпитальға барды. «Семей инжиниринг» АҚ зауытына да табан тіреп, қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын басшылығымен кездесті.

Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Алматы өңірлік гарнизонында жұмыс сапарымен жүр.