Аймақтар • 15 Тамыз, 2024

Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «А» ЖШС-і жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдаланбағанын анықтаған. 

Ақсу ауданында орналасқан учаскенің ауданы 2910,0 га құраған.

«Тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 92-бабының бұзу фактілері анықталды, оған сәйкес ЖШС бір жыл мерзімге орындау үшін міндетті нұсқама берілген еді. ЖШС-ға шығарылған ұйғарымның талаптары орындалмады. Осыған байланысты департамент Ақсу аудандық сотына ЖШС қатысты әкімшілік шараларды қолдану туралы талап арыз жолдады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.  

Сот қаулысымен ЖШС-ға 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.