Заң • 16 Тамыз, 2024

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

Фото: atr.kz

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталды.

Сот үкімімен  «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұлов 3 жыл 6 ай5а бас бостандығынан шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.