Аймақтар • 18 Тамыз, 2024

Алты айдан астам ес-түссіз жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды

2287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған, деп жазады Egemen.kz.

Алты айдан астам ес-түссіз жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды

Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады.

Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.

Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.