Фото: stan.kz
Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуына жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақшаны алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмір бойы қызмет ете алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.