Оқиға • 22 Тамыз, 2024

Қостанай облысында суға кеткен баланың мәйіті табылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 тамыз күні Қостанай облысының Б.Майлин ауданы, Козыревка ауылында бір ересек ер адам мен 8 жастағы бала абайсызда Тобыл өзеніне түсіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында суға кеткен баланың мәйіті табылды

фото: gov.kz

Ер адам өзеннен өзі шыққанымен, 8 жастағы бүлдіршінді ағыс алып кеткен.

«Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары 8 жастағы баланың мәйітін Тобыл өзенінен тауып, алып шықты. Іздеу жұмыстары бес күн бойы жүргізілді», деді Б.Майлин ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Дмитрий Жданов.

Баланы іздеуге ТЖМ құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер тартылған. Сондай-ақ жүзу және ұшу аппараттары қолданылған.

Соңғы жаңалықтар

Кореяда өткен қазақ құрылтайы

Құрылтай • Бүгін, 09:55

Кәсіпорында не кілтипан бар?

Мәселе • Бүгін, 09:45

Күзгі берекенің кепілі

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

IPO қор нарығының қолдаушысы ма?

Сараптама • Бүгін, 09:30