Технология • 22 Тамыз, 2024

Тіс емдейтін робот

107 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі қоғамда жасанды интеллект адамның көмекші құралына айналды. Ол күнделікті өмірден тыс барлық салада керегіңізге жарамды. Тіпті денсаулығымды жақсартамын десеңіз де бесаспап роботтар көмекке дайын. Бұған дәлел «Perceptive» компаниясының жаңа робот тіс дәрігері.

Тіс емдейтін робот

Таяуда Бостонның «Per­­ceptive» компаниясы жа­саған робот алғашқы жұмы­сын ­бастады. Жасанды интел­лек­тіге негізделген жүйе 3D кө­лемді сканерді пайдалана­ды. Ол оптикалық когерент­тік томография (ОСТ) көмегі­мен тістерді, қызыл иекті және тіс астындағы жүйке талшықтары­мен қоса, ауыз қуысының ег­жей-тегжей 3D үлгісін жа­сайды. Бейнелеу технологиясы тісжегіні 90 пайыздан астам дәлдікпен анықтайды. Мұның бәрі па­циенттің  әдеттегі рент­ген­дік сканерлеуде болатын ион­даушы сәулеленуге ұшы­рамауына мүмкіндік береді.

Жүйе процедураларды орындау үшін 3D ви­зуал және роботтехниканы бірікті­ре­ді. Компания мүшелерінің ­айтуынша, робот дәрі­гер тіс қаптамасын қою сияқты тап­сырмаларды әрқайсысы кемінде бір сағаттан екі реттік қабылдауды талап ететін қазіргі әдістің орнына 15 минутта орындайды.

«Perceptive» компа­ния­сының жасанды интеллект алгоритмдері ақпаратты операция жоспарына айналды­ра отырып, 3D деректерді ин­терпретациялайды. Ком­пания бұл процедураларды жақсартуға болатынын айтады. Стоматологтер дәстүрлі емдеу шараларына қарағанда аз уақыт ішінде жоғары сапалы күтіммен пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін роботтарды пайдалана алады. Сонымен қатар жаңа технология  қол еңбегіне деген қажеттілікті азайтады екен. «STAT News» мәлімет­теріне сәйкес америкалық компания өзінің алғашқы тәжірибесін Колумбиядағы Барранкилья қаласында өт­­­кіз­ген. Бұл жайлы «Per­ceptive» компаниясының не­гі­зін қалаған бас дирек­тор, доктор Крис Сириелло (Chris Ciriello): «Біз әлем­дегі алғашқы толық автомат­тандырылған роботпен сто­матологиялық емдеу шараларын сәтті аяқтағанымыз­ға қуаныштымыз. Бұл меди­циналық жетістік стома­то­логиялық процедуралар­дың дәлдігі мен тиімділігін жақ­­сартып, клиникалық нәти­желері емделушілер­ге жо­ғары сапалы стома­то­логиялық көмекке қолже­тімділікті арттырады», деп айтқан екен.

Жақында ғана таныс­ты­рылған стартаптың жұмыс істеуі үшін 30 миллион дол­лар қаржы жиналды. Ком­пания инвесторларының қа­тарында «Y Combinator» және Facebook әлеумет­тік желісінің негізін қалау­шы Марк Цукерберг­тің әкесі, тіс дәрігері, доктор  Эдуард Цукерберг бар.

Негізінен аталған технология тәжірибеде қолда­нылғанымен, халықаралық дәреже­де сатылымға шық­пады. Тіпті АҚШ-тың өзін­де қолданысқа енген жоқ. Өйткені кеңі­нен қолда­ны­латын қызмет­ке ­айналмас бұрын  «Percep­tive» жасаған робот-стоматолог­­ті АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) мақұлдауы қажет. Ал оның жүзеге асуы үшін бірнеше жыл күту керек де­седі.

Осылайша, Бостондағы (АҚШ) стартап компания­сы әлемдегі алғашқы то­лық автоматтандырылған сто­матологиялық процедураны роботтық технология арқылы жасап, тарихқа енді.

 

Би-Фатима  ЕРАЛХАНҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті