Ник Уиллертті америкалықтар бесаспап балуан ретінде таниды. Ол ММА спорты, шаңғы, серфингпен де шұғылданып, көкпар тартуды да шебер меңгерген. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында америкалық балуан аударыспақтан да қарымын сынауға білек түріп отыр.
«2018 жылы АҚШ құрамасының сапында көкбөрі спортынан және аударыспақтан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатыстым. Биыл да көкпардан һәм аударыспақтан бәсекеге түсетінімді зор мақтаныш санаймын. Қазақстанға барсам деген арманым ақиқатқа айналмақ. Көптен бері көрікті мекенге сапарлап, саяхаттауды жоспарлап жүр едім. Көкпар спортын ұлттық ойыны санайтын, кеңінен насихаттап дамытқан елдер АҚШ балуандарын осал санауы мүмкін. Бірақ біз де барымызды салып, көкпар тартуды қаншалықты шебер меңгергенімізді көрсетеміз», деді Ник Уиллерт.
Америкалық балуанды жанкүйерлер жете таниды. Себебі ол 2018 жылдан бері Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына көкпар мен аударыспақтан тұрақты қатысып жүр.