Фото: turaninfo.kz
Қатысушылардың алды Астана қаласына ат басын бұрды. Асық атудан Моңғолия ұлттық құрамасының бас бапкері Қанат Забайұлы бастаған асықшылар келді. Моңғолияда асық спортын насихаттап, дамытып жүрген қандасымыз асық ату спортының негізін қалаушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы бастаған мамандармен дидарласып, дүбірлі доданың өту барысымен танысты.
Тәжірибе алмасу мақсатындағы басқосуда Қанат Забайұлы асық ату спортының Моңғолияда даму қарқыны туралы баяндап, көшпелілер ойындарына моңғол құрамасы 7 қыркүйек күні толық құрамда келетінін жеткізді.