Фото: uza.uz/kz
Робот-тілші ресми ақпарат пен соңғы жаңалықтарды тоғыз тілде, атап айтқанда, өзбек, қазақ, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан тілдерінде таратады.
Робот-тілшіге Собира Холдарова деген есімнің берілуі кездейсоқ емес. Ол Орталық Азия мен Өзбекстандағы алғашқы кәсіби журналист әйел болған. Жасанды интеллект негізінде робот-корреспондент жасау үшін журналист Дилдора Абдухалилованың прототипі пайдаланылған.
Сынақ режимінде іске қосылған жасанды интеллект бейне материалдардың ауқымын біртіндеп кеңейтуді жоспарлаған.
Жасанды интеллект арқылы бейнерепортаждарды жасау, әрине, үлкен мүмкіндік, дегенмен оның өзіндік тәуекелдері де бар. Өйткені, шабуылдаушылар жалған жаңалықтарға негізделген бейнелерді жасап, агенттік атынан интернетте тарата алады. Сондықтан Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің атынан жалған видеолар таралса, олардың шынайылығын тексеруге болатындығы атап өтілді.
Ол үшін әрбір видеоға арнайы QR-код қойылып, осы QR-кодтағы сілтемені белсендіру арқылы ӨзА-ның ресми сайтында сол бейненің мәтінін оқуға болады. Егер жасанды интеллект көмегінде жасалған таспада QR-коды болмаса немесе сілтеме ӨзА сайтын көрсетпесе, бұл жалған бейнетаспа екенін білуге болады.