Дін • 26 Тамыз, 2024

Алматы облысында дін мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары өтті

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Алматы облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 19-23 тамыз аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында дін мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары өтті

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысады:

1. Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымы кандидаты;
2. Кеңесбаева Айша Аманқызы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің исламтанушысы, журналист;
3. Кәбірова Назерке Қайратқызы – Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының сарапшысы;
4. Жаналиева Назерке – Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, дінтанушы, психолог;

2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Талғар, Есік, Қонаев қалалары, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарының тұрғындарымен, мешіттегі әйел жамағатымен, ұстаздармен, жастармен, емхана және әкімшілік қызметкерлерімен және т.б. «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі», «Жат діни ағымдардан сақтану», «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу жолдары», «Діни экстремистік идеологиялар және зайырлық қағидалары» және т.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.