Оқиға • 27 Тамыз, 2023

Ақмола облысында жұмысшы топырақ астында қалып, көз жұмды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Бұланды ауданында ер адам қызметтік міндеттерін атқару барысында жан тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында жұмысшы топырақ астында қалып, көз жұмды

Фото: inform.kz

Облыстық Полиция департаменті 41 жастағы ер адамның үстіне топырақ үйіндісі құлағанын растады. Ақмолалық тұрғын алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. 

Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.