Сондай-ақ ол ауыл жол, балабақша, мектеп, медициналық пункт, ауыз су, жарық бәрінен мақұрым. Өз күндерін өздері көріп, жыртығын өздері жамап жүрген жұрт жергілікті билікке өкпелі. Өйткені олар көмек сұрап, аудан әкімдігіне талай барған, бірақ одан еш нәтиже жоқ. Ауылдың статусы жоқ болғандықтан биыл да жергілікті бюджеттен түк ақша бөлінбепті. Жаңа оқу жылында 100-ден аса оқушы тағы да сандалып, жан-жаққа барып оқуға мәжбүр.
- Проблемамен қазір ғана кезігіп тұрмын. Мен анықтайын, түгел зерделейін. Уақыт созбаймыз. Ешкім далаға тастап жатқан жоқ. Негізі өзім Байзақ ауданында жұмыс істегенмін ғой. Ол жерлерді жақсы білемін. Ал мында проблема болып тұрғанын қазір біліп отырмын, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Салимов.
Сонымен, қазір жергілікті шенеуніктер ауылдағы мәселелерді зерттеп-зерделеуге уәде беріп отыр.