Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелерінің пікірі
Татьяна ЗИНКЕВИЧ,
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы кафедра меңгерушісінің орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент:
Мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия атынан бақылаушы болып бекітілген Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шухов көшесі, 37 Б мекенжайында орналасқан №403 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі қарқынды жүрді. Әсіресе, сайлау күнінің бірінші жартысында халықтың дауыс беруге қатысу белсенділігі жоғары болды. Жалпы, сайлау шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бақылаушылардың ешқайсысы қандай да бір заң бұзушылық тіркеген жоқ. Учаскенің ашылуы туралы хаттама, қорытынды хаттама сынды барлық қажетті құжаттар берілді.
Эдуард МҰХАМЕДЖАНОВ,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия байқаушылары еліміздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігінде сайлау барысына қадағалау жүргізді. Мен Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62 мекенжайындағы №374 сайлау учаскесінде байқаушы болып бекітілдім. Дауыс беру барысы еркін, ашық, тәртіпке сай, бірқалыпты, осындай іс-шараларға тән қандай да бір қарбалассыз өтті. Сайлаушылардың келу қарқыны жоғары болды.
Дәулет БАЙДІЛДИНОВ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қазақстанда өткен сайлауларды бақылау тәжірибесі мол. Биылғы сайлау науқаны біршама өзгеше болды. Біріншіден, халықтың сайлауға келу қарқынына қарап, болашаққа деген зор сенімін аңғаруға болады. Екіншіден, сайлауға бейжай қарап, саяси маңызды оқиғадан тыс қалғандар кемде-кем. Үшіншіден, жалпы сайлау науқаны ешқандай дау-дамайсыз өтті, заңсыз саяси технологияларды қолдану әрекеттері байқалған жоқ. Төртіншіден, бұл сайлау қазақстандық қоғамның саяси мәдениетінің өскендігін көрсетті. Сондай-ақ, бұл күнді мереке ретінде қабылдаған отандастарымыздың қуанышты көңіл-күйін сырттай бақылау өте қызықты болды.
Арыспай КАБДЫҒАЛИЕВ,
саясаттанушы.
Алдымен сайлау науқанының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өту керек. Көлемді дайындық жұмыстары жасалған. Сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан дауыс беру учаскелерін дайындауда қажырлы еңбек атқарылған.
Қарапайым азаматтар тарапынан сайлауға қызығушылықтың артуы қуантарлық жайт. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы еш күмәнсіз бүкіл әлемге қоғам белсенділігінің артқанын және қазақстандықтардың электоралдық мәдениеті деңгейінің өскендігін көрсетті.
Біз, Қазақстан азаматтары, өз таңдауымызды жасадық, біздің таңдауымыз тарихқа халқымыз бен еліміздің болашағы үшін жасалған таңдау ретінде енетін болады!
Жаңылжан ЖҮНІСОВА,
саяси ғылымдар докторы, профессор.
Халықаралық байқаушылар мен қазақстандық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің сайлау учаскелеріне көптеп тартылуы қарапайым жағдайға айналды. Сайлау рәсімін қамтамасыз етуге бағытталған, байқаушылардың қатысуы, мемлекеттің ашықтығын жариялайды, сайлаудың әділдігі мен туралығына деген сенімін арттырады. Сондай-ақ, сайлаушылардың қатысуы жоғары болды. Біз таңертеңнен бері бюллетеньдерге деген кезекті көріп отырмыз. Ертерек дауыс беруге ұмтылу, өзінің конституциялық құқығын қолдану – бұл қазақстандық жоғары электоралдық мәдениеттің куәсі.
Сайлау бірлік пен демократиялық құндылықтарды тағы бір мәрте жариялады – бұл Қазақстанның бетке алған жолы.
Каринэ БАБАГУЛЯН,
заңгер:
Қазақстандықтар өздерінің жаңаруды, одан әрі даму мен бірізділікті таңдайтындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сайлаушылар белсенділігінің жоғары деңгейде тіркелуі қоғам бірлігі мен дауыс берушілердің азаматтық саналылығының куәсі. Бірқатар сарапшылар халықтың саясатқа деген қызығушылығының артып отырғандығын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы кез келген елдің күші – бірлік екендігін нығыздап айтып келеді. Қоғамдық бірлік пен келісімнің айқын паш етілуі президенттік сайлаудың басты қорытындылары деп ойлаймын.
Зәуре АЛШЫМБАЕВА,
экономист:
Жалпы, Қазақстанда сайлау үдерісін ұйымдастыруда жоғары деңгейлік және сайлаушылардың ерекше белсенділігі байқалады.
Сайлау науқаны барысында барлық шаралар қатаң заң талаптарына сәйкес өтті. Халықаралық байқаушылар үшін сайлауалды науқаны мен сайлау барысында ашықтық қамтамасыз етілді. Қазіргі Президент кандидатурасына деген бүкілхалықтық қолдау қазақстандықтардың мемлекеттің бүгіні мен болашақ жетістіктерін тек қана Мемлекет басшысымен байланыстыратындықтарын көрсетті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының негізгі мінездемесі оның нақтылығында. Елбасының реформалары әрқашан мемлекеттік саясат тарапынан әлеуметтік басымдыққа ие. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік деңгейде қабылданған шаралар азаматтардың әл-ауқатының артуына және материалдық жағдайының өсуіне ықпал етеді.
Жұлдызай ЫСҚАҚОВА,
саясаттанушы:
Президент сайлауы – қандай мемлекеттің болмасын саяси өміріндегі өте жауапты да маңызды шара. Шын мәнінде – елдің одан әрі дамуын таңдау жолы. Бүгін, қазақстандықтар тарапынан таңдау, Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі, мойындалған көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті.
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен мақсаттары жалпыұлттық құндылықтарға айналды. Осыған негізделе отырып, қазақстандықтардың басым көпшілігі өздерінің Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді.
Сайлау қорытындылары Елбасына деген сенімді жоғары деңгейді көрсетіп, біздің еліміздегі тарихи максимумға айналды. Сонымен қатар, бұл күнгі сайлаушылардың қатысуының жоғары деңгейін атап өту керек. Алдыңғы науқандармен салыстырғанда біздің азаматтарымыздың саяси және электоралдық мәдениетінің артқаны айқын көрініп тұр.
Сондай-ақ, бұл сайлау бүкіл әлемге Қазақстанның демократиялық қағидаттар мен нормаларға беріктігін дәлелдеді. Олардың барысын мыңдаған отандық және жүздеген шетелдік байқаушылар мұқият қадағалады.