Оған жақында Астанадан бір жерлесі хабарласқан көрінеді.
"Сен елге барғанда қатты қуандық, біраз шаруа атқарады деп едік, дым бітірмей жатырсың ғой", - деген ол салған жерден.
- Оның уәжін "жұмысыңның жарнамасы жоқ қой" деп қабылдадым. Жауабым әрқашан біреу: істің түбін көрмей бетін жылтыратып кетуден аулақпын. Әйтпесе екі жұмыс болады. Көзбояумен "жылдам жеңіске" жетерсің, бірақ тағдыры қысқа, арты шала. Екі жұмыс, есіл уақыт. Қызмет уақытша, ал түбі туған жерде қаламыз. Ел бетіне істеген ісіміз үшін ұялмай қарай алатындай болуымыз керек. Принципім – осы, – дейді Әбілхайыр Тамабек.