13 Маусым, 2015

Елбасы қабылдады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-06-01. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мәдениетінің, атап айтқанда, бейнелеу өнерінің қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы К.Мул­лашевтің отандық сурет өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, суретшінің туын­дылары Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелдердің көр­мелеріне де қойылған. Қазақстан Президенті елдің дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау мен бұдан әрі танымал ету қажеттігіне назар аударды.  К.Муллашев өз кезегінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне ұдайы қамқорлық пен жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі.