Жемқорлық • 05 Қыркүйек, 2024

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдіктінің ұсталғанын Ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

– ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзырлы органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізуде, – делінген хабарламада.

Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбейтін принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында объективті және жан-жақты тергеу жүргізілетін болады делінген хабарламада.