Қоғам • Бүгін, 11:40

Полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты, деп жазады Egemen.kz.

Полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Фото: instagram.com/police__astana

Министрлік халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін еске салып, елордаға ерекше назар аударылатынын мәлімдеді. 

Ішкі істер министрлігі жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. 

Полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын бақылайды.

Ведомоство құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.