Фото: ОКҚ
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаевтың айтуынша, 1 300 ерікті бірнеше бағыт бойынша қызмет атқарады.
«Волонтерлерден 4 500-ден астам өтінім келіп түсті, оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Гана, Корея, Түрікменстан өкілдері бар. Қазіргі уақытта барлық ерікті қонақтарды қарсы алу, спорттық алаңдарда жұмыс істеу, транспорт, тағам бағыттары бойынша тиісті жұмыстарын жүргізіп жатыр», деді А.Қондыбаев.