Қоғам • 06 Қыркүйек, 2024

Қоғам ұсынысы қолдау табады деп сенеміз

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіл мерекесі қарсаңында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Жанат Мұха­меджановқа жолыққан едік. Ол облыстың идеологиялық тұр­ғыдан ескірген атауларды иеленген 25 ауыл-селоларға жа­қында ғана барып, мемлекеттік ономастикалық саясатты түсіндіріп қайтқанын айтты.

Қоғам ұсынысы қолдау табады деп сенеміз

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Айтуынша, көптеген тұр­ғын бұл іс­ке тү­сініс­тікпен қараға­ны­мен, кейбір қырын қарайтындар да жетерлік. Аймақта Петровка, По­кровка, Николаевка, Бо­го­любово, Спассовка, Ни­кольск, Свя­тодуховка сияқты діни, Пу­леметовка, Партизан, Комин­терн, Пионер, Комсомол сияқты төң­керіс ұғымдарын және оны жасаған Чапаев, Ленин, Куйбышев, Киров сияқты, атаулар самсап тұр.

«Қазақ тілі» қоғамының бел­сенділері алдында жасалған жұмыс туралы есеп берген Жа­нат Мұхамеджанов облыс әкімінің жаңа тағайындалған әлеу­меттік мәселелерді бақы­лайтын орынбасары Жүсіп Жұмағұловқа осы мәселелерді жеткізіп, оны ше­шу бойынша ұсыныс жасай­тынын айтты.

Жиынға қатысушылардың бәрі бұл ұсынысты бірауыздан қол­дады. Сонымен бірге ол Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс атауын «Қызылжар» деп атауды ұсыныс хат ретінде жолдаудың маңыз­дылығын айтты.

Қазір Солтүстік Қазақстанда «Қазақ тілі» қоғамының филиалы – мемлекеттік тілдің дамуына қызмет етіп жүр­­ген бірден-бір қоғамдық ұйым. Оның түрлі ұсынысы мен пікірін, өкінішке қарай, жер­гілікті биліктегі мемлекеттік тілді білмейтін шенеу­ніктер елемеуге, көзге ілмеуге тырысып, кейде тіпті кедергілер жасап бағады. «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын қолдар деген бар үміт әкімнің жа­ңадан тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарында. Қоғам белсенділері оның қабылдауына жазылайық деген шешімге келді.

 

ПЕТРОПАВЛ