Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024

Жамбыл облысының оқушылары Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы Ақтоған ауылының балалары жаңа мектептің құрылысы кешіктірілгендіктен, жергілікті Мәдениет үйінде сабаққа баруға мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының оқушылары Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

Қазіргі уақытта 600 оқушы Мәдениет үйінің ғимаратында білім алып жүр. Бұл жерде әр кабинет шымылдық арқылы бөлінген. 

«Мәдениет үйінің дәлізінде 4 Ә және 2 А сынып оқушылары екі ауысымда оқиды, сонымен қатар 4 А сыныбында біз құрылыс материалдарын алып, оқушылардың жайлылығын жақсарту үшін қажетті өзгерістерді жасап жатырмыз», деді №4 орта мектептің директоры Ілияс Жүнісжанов.

Елдімекен жұрты бұл жағдай білім сапасына кері әсер етеді деп қынжылады. Ал, мектеп басшылығы амалдың жоқтығынан осындай қадамға бардық дейді.

«Білім беру мекемелерін күрделі жөндеуді уақытында бастау үшін мемлекеттік сатып алулар жылдың басынан басталса жақсы болар еді, біз қаңтар айында өтінім бердік, бірақ тендер кеш өткізілді», дейді Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Әйгерім Алтынбаева.