фото: Ұлттық банк
Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы - Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.
Монеталар:
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 5 000 теңгелік, таралымы – 100 (жүз) дана;
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 311 грамм, диаметрі 75 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
– алтын жалатылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;
– МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 8 000 (сегіз мың) дана.
«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады», деп жазылған хабарламада.
Қысқаша тарихқа шолитын болсақ, Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы және Алтын Орда атанған Жошы ұлысының негізін қалаушы. Ұлытау облысында маңызды тарихи ескерткіш – Қазақстанның мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын Жошы хан кесенесі орналасқан.